Түркістан облысында жігітті зорлаған экс-полицей ісіне қатысты тың ақпарат шықты

Түркістан облысында жігітті зорлаған экс-полицей ісіне қатысты тың ақпарат шықты

Соңғы алты жылда іс бірнеше рет қозғалған болатын. Алайда дәлел аз болғандықтан, тоқтатуға тура келген еді.
Жасөспірім, архивтегі сурет

Түркістан облысының Абай ауылында үш жыл бойы жасөспірімді зорлаған бұрынғы полицей 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жәбірленушінің адвокаты Айман Омарова Sputnik Қазақстанға Сәкен Сейітжапаровқа сот үкімі сәрсенбі, 19 ақпан күні шыққанын хабарлады. Прокурор 11 жыл сұраған, алайда судья Қасым Қалмағамбетов 15 жыл берді.

«Сейітжапаров 16 жастағы жәбірленушіні бірнеше жыл бойы зорлап келген. Оған бірнеше бап бойынша 15 жыл берілді. Оқиғадан кейін бес жыл өткен соң болған жағдайды дәлелдеу оңай болмады. Бірақ бұл біздің қолымыздан келді. Жәбірленуші мен жақындары сот әділ болатынына сенбеген еді», — деді адваокат.

Жәбірленушінің сөзі

2018 жылдың жаз айында Sputnik Қазақстан Түркістан облысы Абай ауылының 22 жастағы тұрғынының жантүршігерлік оқиғасы туралы хабарлады. Жігіт өзін 16 жасынан бастап екі ер адамның зорлап келгенін және олардың біреуінің үстінде полиция формасы болғанын айтады.

Алғаш рет оны 2012 жылдың наурыз айында зорлаған. Сұмдық қылмыс үш жыл бойы жалғасып келіпті. Айтуынша, зорлап қана қоймай, интимдік видеолармен бопсалап, ақша талап еткен. Баласының басынан өткен жағдай туралы білген кезде ата-анасы екі ер адамның үстінен шағымданған.

https://sputniknews.kz/incidents/20200219/12888199/Turkistan-zorlyq-politsey.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *