Шымкентте өз қызын төрт жыл бойы зорлап келген әке бас бостандығынан айрылды

Шымкентте өз қызын төрт жыл бойы зорлап келген әке бас бостандығынан айрылды

47 жастағы азғын әке 17 жылға темір торға қамалды.

Шымкентте өз қызын төрт жыл бойы зорлап келген әке бас бостандығынан айрылды

Шымкентте өз қызын төрт жыл бойы зорлап келген әкеге қатысты сот үкімі шықты. 47 жастағы азғын әке 17 жылға темір торға қамалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында сотталушы өз қызына алғаш рет 13-ке де толмаған кезінде зорлық жасағаны анықталған. Адамдықтан ада әке перзентін қорқытып үркітіп арам пиғылын жасырын іске асырып отырған. Зорлықшының азғындығы өткен жылдың күзінде әшкере болған. Оқу орындарының бірінде оқитын 17 жастағы қызы сабақтан кешігіп, телефон қоңырауларына жауап бермегенін байқаған әкесымақ ашуға булығады. Бойжеткен қызын үйіне келе сап жанжал шығарып үйінен қуып шыққан. Шыдамы таусылған жәбірленуші қыз бала әкесінен көрген қорлықтарын шешесіне жайып салған. Анасы бірден тәртіп сақшыларына арызданған. Ер адам қамауға алынып, сот медициналық сараптама нәтижесімен педофил деп танылған. Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен 47 жастағы озбыр әке 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болды.

http://ernur.kz/shymkent/shymkentte-oz-kyzyn-tort-zhyl-boiy-zorlap-kelgen-ake-bas-bostandyghynan-airyldy

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *