ЖАНАР МАЙ ТИЕГЕН ЖҮК КӨЛІГІ АУДАРЫЛДЫ
Бензин тасымалдайтын машина аударылды
Оқиға Қаратау ауданы, Бәйдібек би көшесі, Бозарық тұрғын алабындағы айналма жолында орын алған. Алдын ала болжам бойынша жүргізуші рөлді басқара алмай, автокөлік бір бетіне аударылып құлаған. Сыйымдылығы 23 тонналық цистернадан АИ-95 маркалы бензин төгілген. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында өрт сөндірушілер төгілген мұнай өнімдеріне көбік шашқан.
Қазіргі уақытта төгілген жанар-жағар майдың көлемі анықталуда. Оқиға орнында өрт болған жоқ, ешкім зардап шеккен жоқ. Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамында 26 қызметкер, 4 дана техникасы, «Апаттар медицинасы орталығы» филиалының 1 техникасы мен 3 қызметкері және Шымкент қ.Полиция департаментінің мамандары жұмылдырылды, деп хабарлады төтеншеліктер.