Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты.Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлады ҚазАқпарат

Кешенде иілген 21 қанатты көруге болады. Бұл Түркістанда жерленген 21 ханды білдіреді. Есім ханнан Әликен ханға дейінгі бабаларымыздың есімдері мен басқарған жылдары да жазылған. Сондай-ақ, Елбасы «Ұлы дала бірлігі» атты капсуланы салды. Оның ішінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі қасиетті жерлердің топырағы жиналған.

Жобалау құны 1,9 млрд теңге болатын мемориалдық кешеннің жалпы ауданы 0,85 га құрайды. Жаңа нысанның баральефінде қазақ билерінің, қазақ даналарының көркемсөздері қашалған. Шеңбер тәріздес салынған пилондардағы граниттік тақтайшаларға қазақ даласын басқарған 21 ханның есімдерімен қатар олардың билік жүргізген жылдары да жазылған.

«Түркістанның ұлтарақтай жері ат басындай алтынға татиды деген рас екен. Біз қала бұндай жылдам дамиды деп ойламадық. Түркі әлемінің рухани астанасына айналған Түркістанның осыншама жылдам дамуы Елбасының арқасы. Түлеген Түркістанның қазіргі келбеті Елбасының туындысы. Ел ағылып келіп жатыр. Бұрын ыстықтан күндіз жүре алмайтынбыз. Қазір барлық жерде субұрқақ, саябақ салынды, талдар егілді. Айнала көк майса. Көз тоймас ғимараттар ашылып жатыр. Осының бәрі Елбасының еңбегі. Істеймін деген адамға қазір Түркістанда жұмыс көп. Қасиетті қаламыздың әліде адам танымастай өзгере беретіне сенеміз. Түркістан әлемдегі көптеген халықтардың рухани орталығына айналып отыр. Бұнда келген адамдардың жүзінен мейірім көрінеді. Түркістан жүрекке иман үйіреді. Қала көңілге тыныштық, жайлылық сыйлайды», — дейді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінің доценті Гүлсара Тоқылова.

Еске салсақ, Елбасы Түркістан қаласына сапармен келді.

https://www.inform.kz/kz/nursultan-nazarbaev-kazak-handygyna-arnalgan-memorialdyk-keshennin-ashylu-rasimine-katysty_a3786477

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *