Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының ресми ашылу рәсіміне қатысты
Германия, Мюнхен қаласы

Рәсім барысында қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингер, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер және Франция Президенті Эмманюэль Макрон сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы конференция асында өтетін панельдік пікірталаста өңірлік қауіпсіздік мәселесі бойынша «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме» тақырыбында сөз сөйлейді деп жоспарланған. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету перспективалары жайында өзінің ой-пікірін ортаға салып, «Бір белдеу, бір жол» бастамасының жүзеге асырылу барысындағы Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері туралы айтады.

https://www.akorda.kz/kz/events/international_community/foreign_visits/kasym-zhomart-tokaev-kauipsizdik-zhonindegi-56-shy-myunhen-konferenciyasynyn-resmi-ashylu-rasimine-katysty

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *