Түркістанда шамамен 6 мың пәтер пайдалануға берілді 

Түркістанда шамамен 6 мың пәтер пайдалануға берілді 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 182,1 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 129,1%-ға артық.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 69,4 млрд теңге инвестиция бағытталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,8%-ға артық.

2019 жылы Түркістан облысы бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен 620,4 мың шаршы метр немесе 5879 пәтер пайдалануға берілді, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 160%-ға артық. Оның ішінде: жеке тұрғын үй — 2737 пәтер, көп қабатты тұрғын үй — 3142 пәтер.

2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Түркістан облысы бойынша тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрғандар саны 37 084 адамды құрайды.

2019 жылы мемлекеттік бюджет есебінен жалпы ауданы 231 мың шаршы метр 64 тұрғын үй немесе 3 413 пәтер құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысы бойынша 46 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған 2 432 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өткен жылы Түркістан облысында 550,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл қорытындысы бойынша 620,4 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 5846 пәтер пайдалануға берілді.

5846 пәтердің 176-ы қызметтік тұрғын үй, 2432 – жалдамалы, 2737 – жеке тұрғын үйлер және 501-і жеке құрылыс салушыларға тиесілі. Соның нәтижесінде жыл басына белгіленген жоспар 129%-дан астамға орындалды.

Сонымен қатар биыл мемлекеттік бюджет есебінен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй қорын құру бойынша Түркістан облысында 64 тұрғын үй, жыл соңына дейін 44 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, өткен жылдан бастап облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 5,6 млрд теңгеге 48, 72 және 84 пәтерлік 24 облигациялық 7 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда.

Сондай-ақ «Түркістан» ӘКК арқылы 47 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жеке құрылыс салушылар арқылы 3286 пәтерлік 65 тұрғын үй құрылысы жалғасуда.

https://primeminister.kz/kz/news/reviews/2019-zhyly-turkistan-oblysynyn-damuy-ekonomikasy-zhu-myspen-k-amtu-turizmi

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *