Түркістан қаласы қалай салынып жатыр?
Түркістан қаласы қалай салынып жатыр?
Бүгінде Түркістанда құрылыстар қарқынды жүргізілуде. Тек 2019 жылы 9 нысан салынды — облыс әкімдігінің, келу орталығының, Неке сарайының, Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараттары, Амфитеатр, Музыкалы фонтан, Музыка мектебі, Олимпиада резерві мектебі, Шығыс моншасы.
Қазір Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталықтарында 15 мәдени-әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде, олар осы жылдың соңына дейін аяқталады.
Әкімшілік-іскерлік орталықта 8 нысан бар — бассейні бар Спорт сарайы, 7000 орынға шақталған стадион, Оқушылар сарайы, Департаменттер үйі, Басқармалар үйі, Конгресс холл, Цифрлық офис, аттракциондары бар саябақ.
Рухани-мәдени орталықта 7 нысан бар — Қ. А. Яссауи кесенесі, «Ұлы Дала» орталығы, Қолөнершілер орталығы, ғылыми-әмбебап кітапхана, Драма театры, Тұңғыш Президент саябағы, Арбат.
Инвестициялар есебінен «Rixos», «Hampton by hilton», «Нұр-Әлем», фитнес орталығы, бес мың адамға шақталған мешіт құрылысы жүргізілуде (бұл құрылыстар 2020 жылы аяқталады).
Рухани-мәдени орталықта «Керуен Сарай» құрылыс басталды. Қ.А. Яссауи кесенесінің буферлік аймағында абаттандыруды аяқтау көзделуде. Сонымен қатар, көлемі — 20 га созылатын Б. Саттарханов даңғылы бойымен өтетін саябақ құрылысы және әкімшілік-іскерлік орталықтағы гүлзардың жалғасы аяқталады.
https://primeminister.kz/kz/news/reviews/2019-zhyly-turkistan-oblysynyn-damuy-ekonomikasy-zhu-myspen-k-amtu-turizmi