Карантин ережелерін елемегендер анықталды
Карантин ережелерін елемегендер анықталды
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин ережелерінің сақталуын бақылауға алған. Олардың ішінде нысандардың шектеу қойылғанына қарамастан карантиндік талаптарды сақтамау жайттары орын алуда.
Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов көшесі №49 «б» үйде орналасқан «Мондо» құймалы балмұздақ сататын орында карантиндік талаптарды сақтамай, келушілердің әлеуметтік арақашықтықты сақтамай жұмыс жасап жатқаны анықталды.
Балмұздақ сатушы қызметкерден түсініктеме алынып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға, яғни аудандық тауарлармен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі