2019 жылы Түркістан облысының дамуы: экономикасы, жұмыспен қамту, туризмі
2019 жылы Түркістан облысының дамуы: экономикасы, жұмыспен қамту, туризмі
Түркістан облысы 2018 жылы 19 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының атауын өзгерту нәтижесінде пайда болды. Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болды, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Түркістан ғасырлар бойы Қазақ хандығының, жалпы бүкіл түркі дүниесінің саяси және рухани өмірінің өзегі болды. Өңірдің бүгін қалай дамып жатқаны және 2019 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы PrimeMinister.kz-тің осы тақырыптағы шолуында.
Түркістан облысы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Өңір аумағы — 116,1 мың км2. Облыста облыстық маңызы бар 3 қала, 13 аудан, 836 елді мекен, 177 кент және ауылдық округтер бар. 2019 жылғы 1 желтоқсандағы мәліметтер бойынша облыста 2 млн астам адам тұрады.
Өңірдің басты мақтанышы әрі жауһары — Түркістан қаласы түркі дүниесінің рухани астанасы, оның бай тарихы, зор болашағы бар. Қала Ұлы Жібек жолының дәл ортасында орналасқан.
Бүгінде өңірде қым-қуат тіршілік қарқынды жүруде: ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде, инфрақұрылым жылдам дамып жатыр, сауда саласы дамуда. Облыс зор мүмкіндіктер өңірі ретінде танылды. Шынымен де, облыстың экономикалық даму әлеуеті өте зор.
Өңірде жұмыстар төрт аса маңызды бағыт бойынша жүргізілуде: шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инветсициялар тарту, экспортты ұлғайту, туристік әлеуетті ауқымды жүзеге асыру.
https://primeminister.kz/kz/news/reviews/2019-zhyly-turkistan-oblysynyn-damuy-ekonomikasy-zhu-myspen-k-amtu-turizmi