ТҮРКІСТАН: ШОБ — өңір экономикасын дамытудың негізгі драйвері
ШОБ — өңір экономикасын дамытудың негізгі драйвері
Шағын, оның ішінде микробизнес Түркістан облысының ғана емес, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша нақты міндеттер мен мақсаттарды ҚР Президенті Қ. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында қойды. Түркістан облысының әкімдігінде атап өткендей, қазіргі кезде өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, әкімшілік кедергілерді жою, бизнес жүргізу рәсімдерін жеңілдету үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша жұмыстар атқарылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, облыс ШОБ субъектілерінің саны жағынан көшбасшылар қатарына енді — облыста 141,9 мың кәсіпкер жұмыс істейді (2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша). Бір жыл ішінде олардың саны 8,5%-ға артқан.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2019 жылы қаңтар-қыркүйек айларында 449,3 млрд теңгеге немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 132,8%-ға өнімдер (тауарлар мен қызметтер) өндірген.
Кәсіпкерлікті дамыту аса маңызды әлеуметтік мәселені шешкенін айта кеткен жөн — өңірде жаңа жұмыс орындары ашылды. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 214,8 мың адамды құрады, бұл 2018 жылғы тиісті кезеңнің деңгейінен 7,2%-ға артық.
Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту үшін «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек», АӨК дамыту, жас мамандарды қолдаудың «Жас кәсіпкер» мемлекеттік бағдарламалары және «Кәсіпкер Ана» көпбалалы отбасыларды жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. Сонымен қатар 2019 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» жаңа жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы іске қосылды.