Чугуевтік ұшқыштар Шымкентте шыңдалған

Батырлардан   қалған із

41-де қаһарлы,

Басқан кезде елді мұң.

Ерлік еткен ерлерді,

Әйгілейтін келді күн.

 

Саябақта  –Абайдың,

Жұмбағы боп талайдың,

Бір ұшақ тұр айбарлы

Жұрт қызыға қарайтын.

 

Қиялменен самғаңыз,

Бұдан артық бар ма, аңыз?

Бойтұмар боп  бұл ұшақ,

Батырлардан   қалған із.

 

Талмай өтіп сындардан,

Ерліктерге мың барған.

Чугуевтік ұшқыштар

Шымкентте шыңдалған!

 

Қазақ жері  –  жыр-мекен,

Талай

жұртқа – нұр  мекен!

Ал  Шымкенттің  аспаны –

Кожедубтар  дастаны!!!

 

 Мұхтар АТАБЕК,   журналист, Мәдениет қайраткері

Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *