ТҮРКІСТАН: ТАРИФТЕРДІҢ ТӨМЕНДЕУІНЕН ОБЛЫС ХАЛҚЫ 3 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫНЫ ҮНЕМДЕГЕН
ТҮРКІСТАН: ТАРИФТЕРДІҢ ТӨМЕНДЕУІНЕН ОБЛЫС ХАЛҚЫ 3 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫНЫ ҮНЕМДЕГЕН
Түркістан облысында 59 қызмет түрі бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап табиғи монополия субъектілерінің тарифтері төмендетілген. Нәтижесінде халықтың коммуналдық қызметке төлейтін қаражатын үнемдеу шамамен 3 млрд теңгеден асты.
Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Қымбат Бейсенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста 116 қызмет түрімен айналысатын 93 табиғи монополия субъектілері енгізілген. Атап айтқанда, 3-і — электр энергиясын тасымалдау қызметі бойынша; 10-ы —жылумен қамтамасыз ету қызметі; 73-і —сумен жабдықтау қызметі; 15-і — су бұру қызметі; 4-і — газ тасымалдау қызметі; 11-і — кірме жолдары қызметі.

«Бүгінгі таңда облыс бойынша жылумен жабдықтаушы 6 мемлекеттік коммуналды кәсіпорын жұмыс атқаруда. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылумен жабдықтау тарифтері орта есеппен 3-17 % аралығында төмендеді. Сумен жабдықтау тарифтері орта есеппен облыста 0,1-2% арзандаған. Ал электр энергиясымен жабдықтау қызметі бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тасымалдау тарифі 6,64 теңгеден 7 теңгеге көтерілді. Ал табиғи газбен жабдықтау қызметі бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тасымалдау тарифі өз деңгейінде өзгеріссіз қалдырылды», — деді Қымбат Бейсенов.
Бұдан өзге, табиғи монополия субъектілерінің 2018 жылғы тарифтік сметаларының орындалуы есебіне жасалған талдаулардың қорытындысымен жалпы соммасы 1 млрд 292 млн 948,4 мың. теңге көлемінде өтемдік тарифтер бекітіліп, халыққа төмендетілген тарифпен қайтарылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі