Шымкентте коронавирус жұқтырған адам Нұр-Сұлтан қаласынан келген

Шымкентте коронавирус жұқтырған адам Нұр-Сұлтан қаласынан келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Шымкентте коронавирус жұқтырған адамның Нұр-Сұлтан қаласынан келгені белгілі болды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әбдіманап Төлебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте коронавирус жұқтырған адам Нұр-Сұлтан қаласынан келген

«Шымкент қаласында 1 коронавирус жағдайы тіркеліп отыр. Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, ем-дом қабылдап жатыр. Ол азамат 20 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Онымен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы іздестіріліп, табылды. Ол адамдармен толыққанды індетке қарсы шаралар жүргізіліп жатыр», — деді ол.

https://www.inform.kz/kz/shymkentte-koronavirus-zhuktyrgan-adam-nur-sultan-kalasynan-kelgen_a3629029

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *