Ресми мәлімдеме: Денис Тенге кімдер шабуылдағаны белгілі болды

Денис Тен

«Бүгін, 19.07.2018, түскі сағат 15:00 шамасында Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында Денис Тен ауыр жарақат алды.
Белгісіз екі азамат спортшының көлігінен айнаны ұрламақ болған сәтте төбелес шығып, күдіктілер Тенді пышақтап кеткен.

Аталмыш факт бойынша тергеу басталды. Қылмыс жасаған азаматтарды анықтау және ұстау үшін Алматы қалалық ІІД барлық негізгі құрамы жұмылдырылды», — делінген ресми мәлімдемеде.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге Алматыда шабуыл жасалған болатын.

Кейінірек спортшыға орталық қалалық ауруханада ота жасалып жатқаны туралы хабарладық. Сондай-ақ, Денистің үш литр қан жоғалтқаны белгілі болды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *