ҚЫТАЙДА ТАРАҒАН КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНДА АРНАЙЫ ІС-ҚИМЫЛ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Шымкент әуежайында коронавирусқа қарсы арнайы практикалық командалық-шатабтық жаттығу өткізілді
Қауіпті дертке қарсы іс-қимыл жұмыстарына әуежайдың барлық мамандандырылған күштері мен құралдары, Шымкент қ. ТЖ департаментіні, Көліктегі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті жұмылдырылды. «Команда-штаб оқу-жаттығуы барысында әуе кемесіндегі барлық элементтер пысықталды. Науқасты қабылдау, тасымалдау, тексеру және одан әрі іс-қимылдар қайталанды».
Іс-шара коронавирус инфекциясының алдын алу және болдырмау мақсатында, сондай-ақ «Шымкент әуежайы» АҚ медициналық қызметінің және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге жауапты басқа да ұйымдар мен ведомстволардың дайындығын бағалау үшін өткізілді.Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 20 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқу-жаттығуда «жаңа вирусты жұқтырғандарды» Бақылау департаментінің мамандары қарсы алды, күдік туғызған науқастарды арнайы бокстарға тасымалдады», арнайы стационарлық және қол тепловизорларымен тексеру жүргізді.
Ел аумағында аса қауіпті инфекциялардың алдын-алуға қарсы әрекет ету бойынша қажетті шаралар әуежайларда Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүргізілуде
шқ тжд баспасөз қызметі