АРЫСТЫҚТАР ҮШІН «ТҮРКІСТАН» КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ҚОРЫНА 213 МЛН. ТЕҢГЕ АУДАРЫЛДЫ
Арыстағы оқиға қоғамды ізгілік жолында біріктірді. Облыстан ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен отандастарымыз арыстықтарға көмек қолын созуда. Кеше, 2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысында «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында арнайы есеп-шот ашылған болатын.
Екі күн ішінде аталған қорға республикамыздың түкпір-түкпірінен отаншыл және жомарт жүректі азаматтар қаржыларын аударып жатыр. Мемлекеттік мекемелер, жеке компаниялар және көптеген ұжымдар тарапынан қаржылай және гуманитарлық көмектер жолдануда. Бүгінгі, яғни, 25 маусымдағы мәлімет бойынша қорға түскен қаржы көлемі 213 млн. теңгеге жетті.
«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері:
Түркістан облысы
Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,
Пошта индексі 161200
БСН (БИН) 100440016000
«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы
ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540
БСК (БИК) IRTYKZKA
Карта «Halyk Bank»: 4031 6708 2224 4526 (Kaspi Bank-тің жүйесі бойынша ақша аударуға мүмкіндік қарастырылған)
Арыстықтарға көмектескісі келетін кез келген азамат жоғарыдағы есеп-шотқа ақша аудара алады.
Әсіресе, Шымкент қаласы әкімдігі және тұрғындары тарапынан айрықша қолдау көрсетілуде. Шымкент қаласында арыстықтар үшін материалдық және гуманитарлық көмектерді қабылдайтын бекеттер ашылды. Олар Абай ауданы, «Ынтымақ» шағынауданындағы 592/3 көліктік логистикалық орталықта және Н.Назарбаев даңғылындағы «Көрме» орталығында орналасқан.
Қазіргі таңда аталған бекеттерге Қарағанды облысынан 3 тонна азық-түлік және тұрмыстық заттар жеткізілді. Жамбыл және Қызылорда облыстарынан гуманитарлық көмек келе жатыр. Сонымен бірге жеткізілген жүкті, азық-түлік пен көмекті Түркістан облысы мен Шымкент қаласында орналасқан қабылдау орталықтарына бөлу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға еріктілер тартылған.
Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен құрылған қорға түскен қаржы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарының мұқтаждығы үшін жұмсалады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі