Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
Мемлекет басшысына министрліктің ақпараттық саясат пен азаматтық қоғамды дамыту бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында баяндалды, деп хабарлады Ақорда кз сайты.
Президентке «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңнамаларға енгізілген жаңа түзетулердің жүзеге асырылу барысы туралы айтылды.
Сондай-ақ министр Мемлекет басшысының қоғамдық бақылау, волонтерлік және қайырымдылық қызмет туралы жаңа заң жобаларын әзірлеу жөніндегі тапсырмаларының орындалуы жайында баяндады.
Кездесу соңында Президент министрлікке бірқатар нақты міндет жүктеді.