ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 600 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 600 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

 

Түркістан облысында 2019 жылы ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 629,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 85,5 млрд. теңгеге артқан. Нәтижесінде республикада – 3 орынды иемденді.

         Сондай-ақ, негізгі капиталға 55,4 млрд. теңге жеке инвестициялар тартылды. Көрсеткіш 23,7 пайызға артып, Республикадағы үлесі – 2 орын.

         Бұдан өзге, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес мекемелері арқылы ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында 36,8 млрд. теңге несие қаржылар беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға артқан.  Айта кетерлігі, аталған салада 3347 жоба қаржыландырылып, 4129 жаңа жұмыс орындары ашылды.

 

Оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы 8,2 млрд. теңге бөлініп, 2155 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 2504 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, құны 31,3 млрд. теңгені құрайтын 590 жоба іске асырылып, 2287 жаңа жұмыс орындары ашылды.

         Облыста жаңа бағыт  – егіс алқаптарынан 2-3 өнім алу жобаларына басымдылық беріліп, 107 жоба жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы 132 ауыл округтерінде 5 мың алқапты қамтитын 1185 жобаны жүзеге асыру жоспары түзілді. 

         Айта кетерлігі, қаңтар-қараша айларына облыстан 197,2 млн. АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері экспорталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге артып отыр. ​​​ Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 1 млн. 200 мың тонна және мал шаруашылығы өнімдерінен 32,8 мың тонна өнім экспорталды.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *