ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ
ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімі аппаратында «ISO 37001: «Парақорлық пен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін квазимемлекеттік сектор қызметіне енгізу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Оған ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының, мүдделі мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының сарапшысы Айбек Қабылдин «ISO 37001: сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі мен стандартының маңызын түсіндірді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай комплаенсты әсіресе кәсіпкерлік салаға енгізудің қажеттігіне назар аударды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі