ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен, қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.


Қала активіне жаңа әкімді таныстырған ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Е.Қошанов  Шымкент қаласын дамыту бойынша Президенттің берген бірқатар міндеттерін атап өтті.
Бұған дейін М.Әйтенов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.
Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы туған, 2004 жылы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер, заңгер.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *