Назарбаев 100 мың отбасына 50 мың теңгеден беруді тапсырды

Назарбаев 100 мың отбасына 50 мың теңгеден беруді тапсырды

Фото:elbasy.kzФото:elbasy.kz

Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында праймериз нәтижелері талқыланғаны хабарланды.

Партия төрағасының бірінші орынбасарының мәліметі бойынша, дауыс беруге партия мүшелерінің 84,2 пайызы қатысты, оның 88 пайызы онлайн режимінде болды. Тіркелген 10 073 кандидаттың 36 пайыздан астамы әйелдер, 29 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болған. Партиялық ішкі іріктеу нәтижесінде 20 мыңнан аса ұсыныс жиналған, соның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым мен көлік, білім беру және денсаулық сақтау салалары бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Тұңғыш Президенті партияның сайлауалды бағдарламасының жобасына тоқталды.

«Саяси кеңестің бюросында біз республикалық сайлауалды бағдарламаның жобасын талқыладық. Қиын жағдайды ескере отырып, бағдарламада біздің мақсатымыз бен ауқымды міндеттеріміз көрсетілген. Барлық партия мүшесі осы бойынша жұмыс істейді, себебі, түптеп келгенде, мұның бәрі халықтың әл-ауқатына бағытталған. Сайлау алдындағы уәделерді есептеу керек», — деді партия төрағасы.

Кездесу барысында Елбасы партияға Birgemiz қорымен бірге бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік-осал отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша төлемдер ұйымдастыруды тапсырды.

«Партияның орталық аппараты және біздің қызметкерлер үлкен жұмыс атқарды. Мен бәріне атқарған жұмысы үшін ризамын. Алда әлі көптеген нақты іс бар. Ел игілігі үшін жұмысты жалғастыру маңызды», — деп қорытындылады Қазақстан Тұңғыш Президенті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *