Шымкентте басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Шымкентте басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Ол «Hyundai Wacortec Life» ЖШС өкілінен үй-жайды жалға беру бойынша заңсыз әрекеттері үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген.

​Шымкентте басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы» ММ басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ол «Hyundai Wacortec Life» ЖШС өкілінен үй-жайды жалға беру бойынша заңсыз әрекеттері үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктелуде. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдеуінше, қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталған. Қылмыстық істі сотқа жолдау жоспарлануда. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

ERNUR.KZ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *