Е.АЙТАХАНОВ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БОЙЫНША ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Е.АЙТАХАНОВ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БОЙЫНША ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта төленеді. АӘК-ге құжаттарды тапсыру Шымкентте қаңтардың 5-нен басталды. Құжаттарды қабылдау қаладағы төрт ауданда жүргізілуде.

Бүгін қала әкімі Ерлан Айтаханов құжаттарды қабылдау бөлімшелердің жұмысымен арнайы барып танысып, ондағы тұрғындармен тілдесті.

Әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ету үшін АӘК нағыз мұқтаж, өмірлік қиын жағдайға тап болған және өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалатынын айтқан шаһар басшысы бұл көмек көпбалалы аналарды қолдау мақсатында жүзеге аса бастаған ұстанымның бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет тарапынан бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға қолдау көрсетіледі. Еңбекке қабілетті азаматтарды еңбекке ынталандыру, табысы аз азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін заңға тиісті өзгерістер дайындалды. Сондықтан заң жобасында учаскелік комиссиялар үшін атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын анықтау тәртібі бекітіледі, сондай-ақ, учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша мұқтаж емес отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайтын болады», — деді Ерлан Қуанышұлы.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен 4 аудан бойынша АӘК-ті белсенді алушылардың алфавит тәртібіндегі кестесі жасалды. Бұл кесте халық арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімдіктерінің тиісті бөлімдеріне жолданды.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *