Арыс қаласындағы ауыл шаруашылығының дамуы

Арыс қаласы Түркістан облысының солтүстік батыс аумағында орналасқан және территориалық аймақ бойынша Қазығұрт, Сарыағаш, Шардара, Отырар,  Ордабасы  және Бәйдібек аудандарымен шектеседі.

Әкімдіктің 2018 жылдың жартыжылдық есебі бойынша қалада  6 ауыл округі, 33 елді мекеннен құралады. Олар Ақдала, Байырқұм, Дермене, Жиделі, Қожатоғай және Моңтайтас ауылдық округтері. Қала орталығы Арыс қаласы болып табылады.

Арыс қаласы табиғи-шаруашылық бағыты бойынша (мал шаруашылығы және суармалы егістігі дамыған)  телімі жер шаруашылығы басым жазық  дала аймағына  жатады. Қаланың барлық жер көлемі 765 395 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптарының жиынтығы 427 385 гектар, оның ішінде егістік жерлер 44 763 гектар, суармалы егістік 27 170 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 324 гектар, шабындық жерлер 225 гектар, жайылымдар 557 894 гектарды құраған.

 

Ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны мен табиғи жайылымды қажет ететін мал басы ауыл округтері кесіндісі бойынша  мәлімет (кесте-1)

Кесте-1

Арыс қаласы

Арыс қаласы және қала орталығында бүгінгі таңда 74600 халық қоныстанған.  Жалпы жер көлемі 4930 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 3900 гектарды құраған.

Арыс қаласында бүгінгі таңда 38253 бас мал бар, (820 бас жылқы, 3535 бас ірі қара мал, 33898 бас уақ мал)және аталған малдарға барлығы: 1 мал дәрігерлік пункт, 1мал тоғыту орыны, 2 қашырым пункті, 1 биотермиялық шұңқыр салынған.

Осы көрсетілген малдардың ішінде барлығы 682 бас ( 250 ірі қара, 85 жылқы 347 уақ мал)  мал бір орында, қоралық жағдайда ұсталынып, бордақыланатын малдар есебінде. Яғни барлығы 485 бас мал жайылымды қажет етпейді. Ескерте кетер жағдай қаланың шаруашылық жағдайына байланысты және табиғаттың әр алуандығы малды жайылымдық-қоралық жүйеде ұсталады.

Ақдала ауылдық округі

Ақдала ауылдық округінің жалпы жер көлемі 91216  гектарды құрайды. Осы жер учаскелерінің ішінде барлығы 88062  гектар ауыл шаруашылығы мақсатына арналған (суармалы егістік 8756 гектар, оның ішінде:көп жылдық екпе бау — 177 га,  жайылым 79306 гектар,  өзге жер 3154га), елді мекен жері 3573га, оның ішінде егістік жері 53 га, көп жылдық екпе 5га, жайылымдық жер 2732 га. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері 42 мемлекеттік  емес заңды тұлғағалардың оның ішінде ЖШС-32 бірлік жер көлемі 17065, ӨК 10 бірлік жер көлемі 871 га, 90 шаруа қожалық жер көлемі 15482 га.

Байырқұм ауылдық округі

Байырқұм ауылдық округінің жалпы жер көлемі 258488 гектарды құрайды. Осы жер учаскелерінің ішінде барлығы 115997 гектар ауыл шаруашылығы мақсатына арналған (оның ішінде суармалы егістік 3587 гектар, оның ішінде жайылым 68856 гектар, өзге жер 1464 гектар), елді мекен жері 1853 гектар, оның ішінде егістік жері 50 гектар, жайылымдық жер 1105 гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, оның ішінде ЖШС-37 бірлік және жер көлемі 34053, ӨК 14 бірлік жер көлемі 8653 гектар, шаруа қожалыққа 166 бірлік және барлық көлемі 11362 гектар тиесілі.

 

Дермене ауылдық округі

Дермене  ауылдық округінің жалпы жер көлемі 45775 гектарды құрайды. Осы жер учаскелерінің ішінде барлығы  41258  гектар ауыл шаруашылығы мақсатына арналған (оның ішінде егістік 3259 гектар, бау 45 гектар, жайылым 36728 гектар, өзге жерлер 2590 гектар), елді мекен жері 2319 гектар. Ауыл шаруашылық мақсатына арналған жер учаскелері, мемлекеттік емес заңды тұлғалар: 210 шаруа қожалыққа, 61 жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне және 12 өндірістік кооперативіне тиесілі.

Жиделі ауылдық округі

Жиделі ауылдық округінің жалпы жер көлемі 11250 гектарды құрайды. Осы жер учаскелерінің ішінде барлығы  10511 гектар ауыл шаруашылығы мақсатына арналған (оның ішінде егістік 4913 гектар, жайылым 5598 гектар, өзге жер 739 гектар), елді мекен жері 681 гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері 11 ЖШС, 315 шаруа қожалыққа, 12 өндірістік кооперативке тиесілі.

 

Қожатоғай  ауылдык округі

Қожатоғай  ауылдық округінің жалпы жер көлемі 281244 гектарды құрайды. Осы жер учаскелерінің ішінде барлығы  275062 га ауыл шаруашылығы мақсатына арналған (оның ішінде егістік 3265 га, одан суармалы егістік 3265 га, жайылым 226239 га, шабындық 2957га), елді мекен жері 2548 га және өндіріс жері 58 га. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері 198 шаруа қожалыққа, 27 өндірістік кооператив, 140 ЖШС – ға  тиесілі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *