ӘЛЕМДІК ДІНИ САРАПШЫЛАР ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ

ӘЛЕМДІК ДІНИ САРАПШЫЛАР ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ

Үшінші мегаполисте әлемдік діндердің сарапшылары, дін өкілдері бас қосты. «Діни бостандықты нығайту мақсатында стратегиялық серіктестік орнату» жобасы аясында дін бостандығы мен конфессияаралық қатынастарды құру мәселелері бойынша қазақстандық-американдық сарапшылардың дөңгелек үстелі өтуде.

Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы ұйымдастырған жиынға АҚШ-тан келген LYNC (Love Your Neighbor Community) делегаттары қатысуда.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығының төрағасы Александр Клюшов, Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев жиынның ашылуында мұндай басқосудың маңызды екенін атап өтті.

Жалпы бір күнге жоспарланған дөңгелек үстелде дін ұстану еркіндігі, конфессия аралық қарым-қатынастарды құру, дін және заңның үстемдігі, конфессияаралық әлеуметтік жобаларды қалыптастыру мәселелері талқыланбақ.

LYNC миссиясының негізін қалаушы және президенті Уэйд Кьюсак қоғамдастықтың көкжиегі кеңейіп келе жатқанын айтты.

– Біз танысу үшін келдік. Сіздердің мақсаттарыңызды білгіміз келеді. Біздің де сіздерден үйренетін тұстарымыз көп. Бір айта кетерлігі, АҚШ-та осы қоғамдастықтың дөңгелек үстелін 12 адам болып бастаған едік. Қазір 150-ге жетті. Жалпы әлемде көптеген елдердің қоғамында діни сенім бостандығы шектеулер бар. Біз осыны азайтсақ дейміз. Орта Азияда әріптестіктік көкжиегі артып келеді, – деді Уэйд Кьюсак.

Шымкенттен басталған дөңгелек үстел әрі қарай Өскемен қаласында жалғасады. Үш стратегиялық маңызды қалада жетекші халықаралық сарапшылардың дін, құқық, бизнес, т.б. мәселелері талқыланбақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *