Қара пияр Ақ пияр !

Фейк әкім қаралардың да көрініп қалғысы келетін ашық алаңына айналды. Тіпті біреу жазбай қойса өздерін өздері салады.Ашып көрсең болды қара пияр,ақ пиярлар толып жүр. Біреуі кемшілігін айтып сынай қалса, артынан өзгелер ақтап шулай жөнеледі.Ол ондай емес-бұл әдейі жағылған күйе,деп қоятынын қайтесің.Хош делік.Жұмыс кемшіліксіз болмайды.Оны бәрі біледі.Сол кем-кетіктің орнын толтырса екен деген оймен бастасаң соңында өзің ақымақ болып шыға келесің.Өйткені әлеуметтік желіде де жалдамалы жендеттер бар. Қазіргі тілмен айтқанда типа Балгерлер…Үкімет асырап отырғандар.
Бір ғана мысал келтірейінші.Жаңадан екіге бөлінген Мақтаарал ауданыныі әкімі билікке қайта барғалы ауданда не өзгерді,қандай ілкімді тірліктер атқарылды.Міне бұл жерде де дәл осы «Фейкті» ашып қалсаң болды әкім дихандардың ала жаздайғы еңбегін жарнамалап, қауын-дарбыз жұлудан аса алмай жүр.Ол әкімнің емес шекесінен күн өткен сорлы шаруаның еңбегі ғой.Мықты болса тау-тау болып үйіліп бірінші терімнен кейін алқапта қалған қауын-дарбызды арық қарай қайда және қалай өткізудің,не оны терең өңдеудің жолын неге таппайды.Мысалы қауын қақ,қауын мен дарбыз шырындарынын өндіретін зауыт тым құрығанда таза табиғи өнім сағыз шығаруды неге қолға алмайды.Ерте көктемде қырық қабаттан бастайды содан қара күзде мақтамен жарнаманы аяқтайды.Барлығы соның жанында бірдемеге үймелеген шыбын секілді.Сөйтіп шегіртке құсап шырылдап жүргенде жаз бітіп қара күз келеді.Ар жағында қар жауады.Ерте көктемге дейін лайға батып,батпақтап шыға алмай жатқаны.Тіпті деймін ау сол ауыл ауылды аралап жүргенде белуардан топырақ кешіп, шаңын аспанға шығарып өтеді.Сол күйреп,жамауға келмей қалған жол туралы ешкім айтпайды.Достық ауыл әкімшілігіне қарасты Қалшораев ауылына баратын жолдың сыйқы адам аярлық.Ал, танауы кепкен ауыл тұрғындарының жанайқайы мүлдем ешкімді қызықтырмайды.Көлгірситін Балгерлердің өзінде үні жоқ.Салқын автобустың ішінде отырып барып қайтқанына мәз.Өкшесі жарылып,ерні кезерген дихан мен шаруа супсидияны айта қалса тайлы-тұяғымен қарсы тұрып шулайды.Как бутто алақаны ойылып кетпен шауып, жүйек жегенелегендей.Бар мансабы сол сорлы шаруа мен дихан еккен өнімді жарнамалау арқылы көпке көрініп қалу.Бейшара дихан оған өзі клиентін тауып,алыпсатар арқылы әңгелек-дөңгелегін әзер өткізеді.Жүйегін қайта-қайта шауып, боклашкада күнге быжып кеткен суымен аузын шайып,мақтасын өсіреді.Ал,делдалдар қара күзде салқын кабинетте отырып оның бағасын шығарады.Аудан ақ алтынның отаны болған соң ел басшысы ескеріп терең өңдейтін зауыт салды.Индустриалды аймақтан.Ол жер тек қабылдау пункіті сияқты.Мақтаны тайлап сатады.Индустриалды аймақ демекші сол жерге өндірісті шоғырландырамыз ананы да мынаны да шығарамыз,деп еді. Қайда.Құдды бір көтерме базар сияқты дайын өнімді алып қайта пұлдайтын.Аптапты ыстықтан жарық өндіріп,шетімізден қарық боламыз.Қозапаядан тақтай шығарып пайда табамыз. Баймыз, теңіз сияқты аққан ақшада малтимыз, деп еді. Қайда….Аудан екіге бөлініп кетіп малти алмай,ақшада шалқи алмай қалған ау шамасы.Әкімнің мазасы жоқ.Жан-жағындағыларға шүйлігіп шаңын қағып жүр.Жұмыс істей алмайсыңдар,дейді. Жеке меншік бала-бақша мен ұят болса да айтайын Туәлеттің тұсауын кесуден аспайды.Сонда халықтың әлеуетін кім ойлайды.Жұртқа керегі коммуналдық қызмет суы мен газы,жолы болса жетеді.Ар жағын өздері алып кетеді.Онсыз да өліп жатқаны жоқ қой.А айтпақшы енді аш қасқырдай М Ж да таңдаулы 25 орынға талас басталады.Ал,міне енді жазғыштар жапа тармаған жабылыңдар. Өлексені жұлмалаған Тазқарадай.

Мансур

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *