Шүлдірле Тілім Шүлдірле
Әнеу күні Алматыдан ағам келіп аяқ астынан «Астана Ақшамы» газетін іздесем бола ма.Шарқ ұрып бармаған жерім жоқ.Қаладағы ең үлкен газет журналдар сататын сетевой дүңгіршектен бастап базардағы БАҚ сатушы төшкілердің бәрінің шаңын қақтым.Дегенмен іздегенімді таба алмадым. Сонда айтайын дегенім қаланың орталығындағы қаптаған бір келкі реңді дүңгіршектің бірінің алдына тоқтап сатушысынан газеттің атын айтып сұрап жатыр едім ар жатқан «Что?» деген жуан дауысты әйелдің дауысы гүр ете қалды.Сасқанымнан спасибо деппін.Сөйтіп сұрайын деп тұрған затымды ұмытып қалдым.Терезеден сатушының түрін ертерек көрсем бір амалын табар едімғой.Болмаса көзбен шолып бұрылып та кетермем.Қуықтай терезесінен сатушының түрі тұрмақ сұлбасын да көре алмайсың.Оның үстіне дүкеннің қас бетіне айналдыра газет журналдар іліп тастаған.Сөйтсем сатушы апайым артқы жақта темекісін бұрқыратыптұр екен.Көре сала менің де кертартпа қиқы мінезім ұстап, қайта-қайта қақылдап қазақшалап сұрай бердім. Құтылмасын білді ма тағы да «Мы такых газет не продаем» деді. Содан үйге келіп ағама не дерімді білмей газеттің ол саны таусылып кетіпті, дей салдым.
Сондағы бірінші ойыма келгені Шымкентте де қазақша білмейтін жандар бар екен ау. Білмей ма- әлде менсінбей ма? Жалпақ шешей қазағым ай өзге ұлттың өкілі алдымызға келсе өз ана тілімізді ұмытып орысша шүлдірлей жөнелеміз.Бұл жалтақтау қашан қалады. Әлде әдет па . Созылмалы сырқат дейін десең будандықтың емі әлде қашан табылған.Басын бостандыққа жібергенімен шылбырынан ұстап отыр ма? Қанша ойлансам да-түк түсіне алмадым.!…
Шымкентті ғана емес жалпы кез-келген жерді алып қарасаңыз өзге ұлт өкілдері алдымен өз ана тілінде сөз бастайды. Сауалды да жауапты да өз ана тілдерінде береді.Түсінбеген кейіп танытсаң түсіндіруге тырысады.Ең соңында амалсыз аз-маз орысша сөйлейді.Сонда деймін ау олардың бойындағы бұл не қасиет.Өз ана тілі мен ұлттына деген шексіз құрмет ау! Ал,бізде ше. Бірден ойбай ау ұят болмасын, деп бастаймыз.
Негізі саны аз болса да өзге бір елді көргенім жоқ тілім құрып бара жатыр деп зар-еңіреп жүрген.Өйткені олардыңөз тіліне деген құрметі мен беріктігі бекем сияқты. Бізде ғана қашан қарасаң тіл- тіл, деп зар илеп жүргеніміз. Тіпті кейбір жиындар орысша өтеді.Билік басында отырғандар екі ауыз сөздің басын құрап айта алмайды.Сонда бұл не, қайда барсың қазағым.
Ана тілінен арылмаған ауылым аман болсыншы!!
http://turkistantimes.kz/