Түркістан облысында бірнеше көлік соқтығысып, 15 адам зардап шекті
Түркістан облысында бірнеше көлік соқтығысып, 15 адам зардап шекті
ҚазАқпарат – Түркістан облысының Қазығұрт ауданында бірден 4 көлік соқтығысып, 15 адам жарақаттанды.
Зардап шеккендердің 7-еуі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы бүгін Қазығұрт ауданы аумағындағы трассада болған. Соқтығысқан төрт көлік те бір бағытта бара жатқан. Жол апатынан кейін автокөліктердің бірінен өрт шыққан. Салдарынан барлығы 15 адам зардап шегіп, олардың 14-і Қазығұрт аудандық ауруханасына жеткізілді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақат алған жеті адамның жағдайлары ауыр күйінде қалып отыр. «Олар тез арада жансақтау бөліміне жатқызылып, ота жасалуда. Көмекке санитарлық авиациямен бір топ нейрохирург шақыртылды. Шымкенттен жеткен мамандар науқастарға операция жасап жатыр. Тағы үш адам аурухананың жарақат бөліміне жатқызылды. Төрт адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар үйлеріне қайтарылды», — деді басқарманың баспасөз хатшысы Сәуле Алжанбаева.