ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕГІ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕГІ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Шымкентте 18 көлік компаниясы 64 бағытта тұрғындарға қызмет көрсетуде. Биыл тағы 4 жаңа көлік бағыты іске қосылды. Атап айтқанда №18, 42, 44, 206 автобустары.
Бұл жылы 36 бағыттағы көліктерге және 3 жекеменшік компанияға субсидия қаралған. Қосымша 6 әлеуметтік мәні бар маршруттарға ұсыныс берілді.
Қаладағы 890 автобусты жаңарту межесі қойылған болатын. Өткен жылы газбен жүретін 590 автобус сатып әкелінді. 1 желтоқсаннан бастап оның 150-і автобус 8 бағытта тасымалдау қызметін көрсетуде. Қазір қалада қосымша бір газ құю бекетінің құрылысы жүріп жатыр.
Сондай-ақ, осы жылы автобустардағы жүргізуші, бақылаушыларды бірыңғай формамен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі