Түркістандағы көлік апаты көктайғақ салдарынан болған- ПД
Ірі көлік апатынан зардап шеккен 8 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға орнына Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков барып, аудандық ауруханаға түскен зардап шеккендердің жағдайымен танысты. Қазіргі уақытта ауруханада 11 адам бар, оның 8-і жансақтау бөлімінде, бір зардап шеккен адамға ота жасалды.
«Бұл республикалық маңызы бар жол. Жол-көлік оқиғасы көктайғақ салдарынан болды. Сондықтан жүргізушілерге жол жүру ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау, маневр жасау ережелерін бұзбау, бір-біріне құрметпен қарау, жол бойында орналасқан жол белгілеріне назар аудару қажет екендігін ескертеміз», — Қайрат Далбеков.
Түркістан облысында бірнеше көлік соқтығысып, 15 адам зардап шеккен болатын
https://www.inform.kz/kz/turkistandagy-kolik-apaty-koktaygak-saldarynan-bolgan-pd_a3588245