АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ШЫМКЕНТ: АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Шымкентте қыс мезгіліне авариялық-құтқару және қалалық жол қызметі техникаларының дайындығы пысықталды. Биыл шаһар тазалығы үшін 20 жаңа техника сатып алынған. Қаланың қысқы маусымға дайындығы тағы бір пысықталып, арнайы жол техникасы тексерілді. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов келіп, жауапты мекемелердің қысқа əзірлік жұмыстарымен танысты.

Шымкентте қазіргі таңда тазалық жұмыстарымен айналысатын 4 мекеме бар: “ЛТД Тұрмыс”, “Югдорсервис”, “Бəйтерек ЛБ” жəне “Нұртас сервис”. Техникалардың жалпы саны – 151. Оның ішінде сүргіштер, грейдерлер, самосвалдар, бульдозерлер және т.б. техникалар бар. Жауапты мамандар осы техникалардың көмегімен шаһардағы жалпы ұзындығы 1292 шақырымдық 225 көшені тазалайды. Ал жұмысшылар саны — 1197.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Дербісовтың айтуынша, қыста төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында дайындық жоғары дәрежеде пысықталуда. Бұл ретте арнайы техникалардың жарамдылығы мен техникалық жағдайын анықтауға талап күшейген.

Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Әли Алтайдың айтуынша, шаһарда қысқы маусымға дайындық жұмыстары кесте бойынша іске асырылуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *