ШЫМКЕНТ: «GraMad» ГИПЕРМАРКЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ЖАҢА НҮКТЕСІ АШЫЛДЫ
ШЫМКЕНТ: «GraMad» ГИПЕРМАРКЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ЖАҢА НҮКТЕСІ АШЫЛДЫ
Шымкент қаласында көтерме-тарату орталықтарының желісін дамыту мақсатында «GraMad» сауда орталығының тағы бір нүктесі Төлеметов көшесі бойынан ашылды.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов 200-ден аса адамды жұмыспен қамтып отырған жаңа сауда орталығында болып, жұмысымен танысып, ондағы азық-түлік сапасы мен бағаларын бағамдап көрді.
«GraMad» көтерме тарату орталығы — Шымкенттегі делдал қызметінсіз өндіруші өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынатын бірден-бір орталық. Бұл өз кезегінде бағалардың тұрақтылығына жағымды әсер етіп, жергілікті ерекшеліктерді ескеруге мүмкіндік береді.
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауының арқасында кешенде әлеуметтік тауар түрлері бекітілген бағада тұрақты түрде сатылымға шығарылуда. Онда аз қамтылған отбасылар үшін де арнайы жеңілдетілген жүйе жұмыс істейді.
Сондай-ақ, сауда орталығының ерекшелігі – сөредегі тауарлардың жартысын өздері өндіріп, сатылымға шағарады. Мәселен, макарон, жартылай фабрикат өнімдері және ас түрлері мен кондитерлік өнімдер өндіріледі. Жалпы сауда орталығында 12 мыңнан аса тауар түрі тіркелген.
Айта кету керек, «GraMad» азық-түлік дүкендер желісінің нүктелері бұған дейін Б.Момышұлы және Жангельдин көшелерінен ашылған болатын. Жыл соңына дейін тағы 10 сауда кешенін ашу жоспарланып жатыр екен.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі