Қоқыс тастаған тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды
Қоқыс тастаған тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды
Полиция қызметкерлері Шымкент қаласының аумағында абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді.
Кезекті профилактикалық жұмыс барысында Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары көше бойына құрылыс қалдықтары мен материалдарын төгіп, аумақтың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізген жергілікті тұрғындарды анықтады. Аталған азаматтарға қатысты тиісті әкімшілік шара қолданылды.
Осы орайда, тәртіп сақшылары абаттандыру ережелерін бұзған тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Баспасөз қызметі