ШЫМКЕНТТЕ АРНАЙЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ ӘЗІРЛЕНДІ

ШЫМКЕНТТЕ АРНАЙЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Шымкент қаласының тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы «Ресми құжат үлгілері» әдістемелік құралы мен «Қазақ–орыс–ағылшын тілінде мақал-мәтелдер мен жұмбақтар» көмекші құралын әзірледі.


5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай аталған көмекші құралдардың тұсауы кесілді. Орталық мамандарының айтуынша, оқыту құралдарында ресми құжатты жазудағы қазақ тілінің стильдік ерекшеліктеріне түсінік берілген. Сондай-ақ ісқағаз әзірлеуде қойылатын талаптар, ережелер баяндалып, үш жүзден астам қазақ, орыс және ағылшын мақал-мәтелдері және сексеннен аса жұмбақтар ұсынылып отыр екен.


Онымен қоса, мереке аясында әлеуметтік желілерде түрлі онлайн сұхбаттар, мақалалар жариялау, қалалық кітапханаларда тақырыптық онлайн сұхбаттар, кітап оқу шаралары ұйымдастырылып жатыр.
Сонымен қатар, мерекеге орай түрлі сала мамандары Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Олар:

1. Бурмистрова Татьяна — Қазақстан Республикасының мәдениетіне еңбегін сіңірген қайраткер, «Парасат» орденінің иегері
2. Маханова Фарида — Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының маманы
3. Жақсыбаева Динара — ҚР Ұлттық ұланы
6698 әскери бөлімі тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімше бастығының аға көмекшісі
4. Майлыбаева Асхан — «Shymkent kelbeti» газеті бас редакторының орынбасары
5. Байкөбек Бағлан — «Айғақ» телеарнасының тілшісі
6. Исмаилова Жазира — ҚР ІІМ ТЖК Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының инспектрі
7. Талипбаева Гулжан — Шымкент қаласының білім басқармасының әдіскері
8. Амангельдиева Айпар — Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің директоры

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *