ШЫМКЕНТТЕ КЕЛЕР ЖЫЛЫ 7 МАГИСТРАЛДЫ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ КЕЛЕР ЖЫЛЫ 7 МАГИСТРАЛДЫ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Шымкент қаласында алдағы жылы автомобиль жолдары саласын дамыту мақсатындағы жұмыстар жалғасын табады.

Атап айтқанда, 128 нысан немесе 253,1 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Оның ішінде 12 нысанда құрылыс, 3 нысанда қайта құру, 4 нысанда күрделі жөндеу және 109 нысанда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Орташа жөндеу жұмыстарының ішінде 7 магистралды көше, 52 ішкі орам көше және шалғай аудандардағы 50 жол бар.

Сонымен бірге, жоспарға сәйкес жолдарды күтіп ұстау, шағал тас төсеу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аялдама орнату секілді атқарылар жұмыстарға да қаржы бөлініп отыр.

2021 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 63,6% құрамақ.

Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Фото: архив

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *