Президент тағы бір заңға қол қойды
Президент тағы бір заңға қол қойды
2019 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің өсімі жоспарланған 3,8% деңгейінде болады деп күтіліп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Президент бюджетке өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды.
«Мемлекет басшысы «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» заңына қол қойды», — деп жазылған Ақорда сайтында.
Бюджетке қандай өзгеріс енгізілді
Заңды әзірлеу кезінде 2019 жылы елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіші есепке алынған.
Жыл басынан бері экономика дамуының қарқынын еске отыра, 2019 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі өсімінің көрсеткіші жоспарланған 3,8% деңгейінде болады деп күтіліп отыр.
2019 жылы мұнайдың бағасы барреліне 55 доллар деңгейінде болады деп болжанған.
Қазақстан Ұлттық банкінің болжамына сәйкес, жылдық инфляция дәлізі 4-6% шамасында сақталады.
Бюджетті нақтылаудың басты мақсаты — әлеуметттік саладағы маңызды мәселелерді қаржыландыру, алдағы жылдары экономиканың өсуіне ықпал ететін мүмкіндіктер табу, 2019 жылдың соңына дейін туындайтын мәселелерді шеуге үкіметтің қажетті қорын қамтамасыз ету.
Үкіметтің мәліметіне сәйкес, бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін шығындар қайта қаралады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айындағы бюджет түсіміне түзетулер енгізіледі. 2019 жылы бюджет өсімі 95 миллиард теңге болады.
Әлеуметтік сала шығыны 5,4 триллион теңге немесе шығынның жалпы көлемінің 44,9%-і. Өсім — 6,7 миллиард теңге.
https://sputniknews.kz/economy/20191022/11829214/Toqaev-zanga-qol-qoydy.html