РЕТСІЗ САУДА ОРЫНДАРЫНА РЕЙДТІК ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
РЕТСІЗ САУДА ОРЫНДАРЫНА РЕЙДТІК ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы Арғынбеков және Өтегенов көшелерінің бойында белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларға рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Рейдтік іс-шараға Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Занкоев және аудандық жергілікті полиция қызметкерлері қатысты. Заңсыз сауда жасаушыларға 3 әкімшілік хаттама толтырылды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі баптары түсіндіріліп, қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керек екенін ескертілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы