Н.Нығматулин Белградтағы ПАО Асамблеясы алаңында Сербия Парламентінің Төрағасымен кездесті

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Сербия Парламентінің Басшысы Майя Гойковичпен парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Тараптар келіссөзді 12-15 қазан аралығында Белградта өтіп жатқан Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 141-ші отырысы аясында жүргізді. Сербия — Қазақстанның Балқан аймағындағы маңызды саяси серіктесі екенін айтқан Нұрлан Нығматулин екі ел арасындағы қатынастар толығымен өзара түсіністік пен сенім жағдайында дамып келе жатқанына тоқталды. Мәжіліс Төрағасының пікірінше Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылы Сербияға жасаған ресми сапары, Сербия Президенті Александр Вучичтің 2018 жылы Қазақстанға жасаған іс-сапары, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Белградта Қазақстанның Елшілігін ашу туралы шешімі екі елдің ынтымақтастығын арттырды. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, фармацевтик және туризм саласындағы ынтымақтастық әлеуетті бағыттардың бірі болып табылады.ЕАЭО пен Сербия арасындағы құрылған еркін сауда аймағы да үлкен мүмкіндіктерге ие. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы қазақстандық және сербиялық парламентшілер арасындағы қатынастардың дамуына қолдау білдірді. Бұл реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету, ынтымақтастық топтары мен тиісті комитеттердің белсенді өзара іс-қимылы бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Нұрлан Нығматулин Майя Гоиковичке қыркүйек айында Нұр-Сұлтанда өткен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-ші кеңесіне қатысқаны үшін алғысын білдіріп, форумда айтылған бастамалар мен ұсыныстар Еуразиялық аймақ елдерінің ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, суретті түсірген Ж.Құспанов).
_________________________________________________________
Ақпарат көзі: http://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id47361/1/1
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *