100-ДЕН АСТАМ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

100-ДЕН АСТАМ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының I-тоқсанда атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Басқарма басшысы Азамат Рысжановтың айтуынша, 2021 жылдың I — тоқсанның қорытындысы бойынша 2 796 (әр айда 932) азамат тұрғын үй кезегіне тіркелді. Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 43 906 азамат бар.

2021 жылдың басында 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда жұмыс істейтін жастарға 300 пәтер бойынша тұрғын үй комиссияның шешімі қабылданып, пәтерлердің кілттері беріліп жатыр. 1 сәуірде 161 пәтер бойынша тұрғын үй комиссиясының шешімі шықты. Бұл ретте жетім балаларға 10 пәтер, көпбалалы отбасыларға 106 пәтер, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына 45 пәтер беріледі. Комиссияның келесі отырысы мамыр айында өтеді деп күтілуде.

2021 жылдың соңына дейін кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 1 580 пәтер сатып алу жоспарланған. Пәтер сатып алуға 22,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Нарықтағы жеке құрылыс салушылардың тізімі анықталып, талдау жұмыстары жүргізілуде.

Жыл соңына дейін кредиттік негізде 4 197 отбасыны пәтермен қамту көзделуде. 2021 жылы мамыр айында жергілікті бюджет есебінен бастапқы жарна үшін, 300 млн теңгеге дейін (әр азаматқа 1 млн теңгеге дейін) тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарда.

Сонымен қатар, 2021 жылы жергілікті бюджет есебінен бөлінген 6 млн теңгеге «Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі автоматтандырылды. Бұл қызмет бойынша азаматтардың құжаттарын қабылдау – ақпараттық жүйенің www.kezekte.kz сайты арқылы жүзеге асырылатын болады.

Тұрғын үйлер тек заң аясында, электронды кезекпен жүзеге асырылып жатқанын хабарлаймыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *