Н.Нығматулин Парламентаралық одақтың Төрағасымен келіссөздер жүргізді
Н.Нығматулин Парламентаралық одақтың Төрағасымен келіссөздер жүргізді
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Сербияда өтіп жатқан Парламентаралық Одақ Ассамблеясының (ПАО)141-ші отырысы аясында беделді халықаралық ұйымның төрағасы Габриэла Куэвас Барронмен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін, сондай-ақ болашақтағы бірлескен іс-шаралар жоспары туралы талқылады. Сонымен бірге, Нұрлан Нигматулин мен Габриэла Куэвас Баррон халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша елдер арасындағы ынтымақтастықтың қажетті элементі ретінде парламенттік құрамның маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, Мәжіліс Төрағасы мен ПАО басшысы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуразия елдері Спикерлерінің 4-ші кеңесінің нәтижелерін жоғары бағалап, Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 141-ші отырысында Халықаралық құқықты нығайту: парламенттің рөлі мен тетіктері, және аймақтық ынтымақтастықтың үлесі тақырыбында талқыланып жатқан мәселелер қатысушылардың еркін пікір алмасып, өз елдерінің тәжірибелерімен бөлісуге және саяси диалогты дамытуға ықпал ететін тетіктерді құруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Биыл 130 жылдық мерейтойын атап өткен Парламентаралық одақтың құрамына қазіргі уақытта 179 ұлттық парламент пен бірқатар халықаралық парламентаралық бірлестіктер кіреді. (Мәжілстің Баспасөз қызметі, суретті түсірген Ж.Құспанов).
_________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі