ЖҮРГІЗУ КУӘЛІГІН АЛАМ ДЕП АЛАЯҚҚА АЛДАНЫП ҚАЛДЫ

ЖҮРГІЗУ КУӘЛІГІН АЛАМ ДЕП АЛАЯҚҚА АЛДАНЫП ҚАЛДЫ

Шымкент қаласының  19 жасар тұрғыны жүргізу куәлігін алам деп алаяққа алданып қалған.Ол бұл туралы полицияға жазған арызында көрсеткен.  Айтуынша жол ережелерінен емтихан тапсырып, уақытын жоғалтқысы келмеген. Сөйтіп оңай жолын іздеген.

Іздегенге сұраған демекші, танысы бұл мәселені оңай шешіп берем деген. Бұл жұмысын 65-мың теңгеге бағалапты. Ақшаны алған делдал жүргізу куәлігі екі аптада дайын болады,деп уәде берген. Алайда ол кейін жоқ болып кеткен. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған. Ол 40 жастағы шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан. Қазір осы іске қатысты ҚРҚК 190 бабы 1 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдікті сотқа дейін ешқайда шықпау жөніндегі тілхатпен босатылған, деп хабарлады Polisia.kz. сайты.
 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *