Строятся парк цветов
Строятся парк цветов
Бүгінде Түркістандағы Есім хан алаңында қарқынды жұмыстар жүруде. Ал, болашақ кескіні қандай болары əрбіріңізді қызықтырары сөзсіз. Ендеше, жобасын назарларыңызға ұсындық! Мерекелік кештердің алаңы ретінде білетін сіздер үшін, енді бұл жердің келбеті өзгеше кейіпке енбек.
Субұрқақ, түрлі-түсті гүлдер, жасыл алаң – бұл саябақтың бірден бір ерекшелігі. ГҮЛДЕР САЯБАҒЫ – тек қала тұрғындарының ғана емес, шаһарға келуші қонақтардың да сүйікті орнына айналарына сенеміз. “Түркістан жарық-тазалық” ЖШС-ның еншісіндегі кезекті жобаның абаттандыру жұмыстары сəтін салса, қараша айының соңында аяқталады деп күтілуде.