АЙТАХАНОВ АРДАГЕРДІҢ БАТАСЫН АЛДЫ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРДІ АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
1 қазан – халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов ҰОС ардагері Төрегелді Сұлтанбековтың отбасына арнайы барып, құттықтап, сый-сияпат табыс етті.
Ардагергеа жылы лебізін білдірген Ерлан Қуанышұлы ісi ізеттілік пен үлгiлі өнегеге толы қадiрмендi қариялардың елге сiңiрген ерен еңбектерi ұрпақ санасында мәңгіге сақталатынын айтты.
Сұлтанбеков Төрегелді 11 мамыр 1923 жылы Ордабасы ауданында дүниеге келген. 1944 жылы Литваға, шекарашылар қызметіне жолданған. Шекара жасағында 1948 жылға дейін жауға қарсы соғысқан.
Қария қазіргі таңда кенже ұлының қолында тұрады. Майдангер 3 ұл бір қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан 9 немере мен 8 шөбере көріп отыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі