«Дикий Арманды» қамауда ұстау тағы 2 айға ұзартылды

«Дикий Арманды» қамауда ұстау тағы 2 айға ұзартылды


«Дикий Арманды» қамауда ұстау тағы 2 айға ұзартылды

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 5 маусымдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», — делінген Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *