Қайрат Ырзақұлұлы бастаған топ ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Әлібекқызы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртай қарттардың жасаған ерлігі мен еңбегі қазіргі жас буынға баға жетпес тағылым екендігін айтып, мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Халел Атантаев – 1920 жыл 20 қазанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Еңбекші» ауылында дүниеге келген. 1939 жылы 19 жасында Фин еліне әскери борышын өтеуге кеткен. 1941 жылы сұрапыл соғыс басталғанда да отан қорғау үшін әскери қызметтен майданға аттанған. Еліне 1948 жылы оралған.

Х.Атантаевтың білімі жоғары, мамандығы агроном. Ұзақ жылдар бойы агро саласында абройлы қызмет еткен. Ғасыр жасаған ардагер бос уақытында шахмат ойнағанды ұнатады.