ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫЛМЫС АЗ ЖАСАЛАТЫН АЙМАҚТАР ҚАТАРЫНДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫЛМЫС АЗ ЖАСАЛАТЫН АЙМАҚТАР ҚАТАРЫНДА

slider
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында полиция қызметкерлеріне үлкен жауапкершіліктер жүктеді. Ең бірінші кезекте қолжетімді полиция қызметін қалыптастыру қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін арттыру қажеттігіне арнайы тоқталды. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер Түркістан облысында жүйелі түрде жүзеге асып жатыр.

Жалпы өңірде тіркелген қылмыстар саны азайып, ашылу көрсеткіші артқан. Екі миллионнан астам халқы бар облыс  еліміз бойынша қылмыс аз жасалатын аймақтар қатарында тұр. Яғни, облыста қоғамдық-саяси ахуал, криминогендік жағдай тұрақты.

Бір қуанарлығы өңірде мал ұрлығы 54,5%-ға кеміп отыр. Аталған  қылмысты жедел ашуда Түркістандық  полицейлер «чат» әдісін қолдануда. Яғни, заңсыз тасымалданған малдар полицейлер тарапынан анықталып, бейне тіркегіштерге суретке түсіріліп, арнайы чатқа жіберіледі және мал ұрлығы туралы арызданып келген азаматтарға чаттағы бейне жазбалар мен суреттер көрсетіледі. Тиянақты жұмыстардың нәтижесінде мал ұрлығын кәсіп еткен 58 қылмыскерден тұратын 18 қылмыстық топ құрықталған.

Облыста есірткімен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бірақ есірткіге елітіп, тұзағына түсіп қалушылар аз емес. Сонымен қатар, бүгінде есірткінің синтетикалық түрлері де көбейген. Полиция қызметкерлерінің жыл бойына жүргізген есірткіге қарсы күрес жұмыстарының нәтижесінде 343 қылмыстық құқықбұзушылық тіркеліп отыр.

Тағы бір айта кетер жайт, биылғы жылы өңірде  жол апаты 10,4 пайызға азайған.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына жолдаған Жолдауы негізінде қазір ауқымды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл бағытта облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының қолдауымен облыс орталығын «Қауіпсіз қалаға» айналдыру жобасын қолға алдық. Қазір қалалық, аудандық тәжірибелі полиция қызметкерлері Түркістан өңіріне жұмылдырылды. Олармен күнделікті тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты жұмыстар атқарылуда. Ал, өзім кез-келген азамат үшін есігімнің ашық екенін айтқым келеді. Тіпті әлеуметтік желіде де тұрғындармен «кері байланыс, ашықтық» орнату үшін жеке парақша аштым. Жағдайдың барлығын өз бақылауымда ұстауға барымды саламын – деді Қайрат Дәлбеков.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *