Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады 

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Катар астанасы Доха қаласында  жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Оған Қазақстанның бірнеше атлеті қатысады. Екі жылда бір өтетін әлем чемпионатына биыл жолдама алғандардың саны тым аз. Мысалы, осыдан 2 жыл бұрын Лондондағы әлем чемпионатына 13 спортшы барса, бұл жолы 8 жеңіл ғана ел намысын қорғайды.

Олар:

— Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру);
— Ольга Сафронова (100, 200 метр, эстафета);
— Георгий Шейко (спорттық жүріс);
— Светлана Голендова (эстафета);
— Элина Михина (эстафета);
— Рима Кашафутдинова (эстафета);
— Михаил Литвин (400 метр);
— Иван Иванов (ядро лақтыру).

Жалпы, әлем чемпионатына 205 мемлекеттен жалпы есебі 3 500 атлет келген. «Спорт падишасы» саналатын жеңіл атлетикадан әлем біріншілігінде 47 жүлдедер жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ, жүлделі орындар үшін ірі көлемде ақшалай сыйлықтар бекітілген.  Халықаралық жеңіл атлетикалық федерациялар қауымдастығы (IAAF) әлем чемпионатының жүлде қоры 7, 53 миллион доллар екенін мәлімдеді.  Жекелей сында жеңіске жеткен спортшылар 60 мың долларға иелік етеді. Екінші және үшінші орын алған атлеттер тиісінше 30 және 20 мың доллар сыйға тартылмақ. Ал әлемдік рекордты жаңартқандарға 100 мың доллардан беріледі.

Қазақстан спортшыларының арасынан алдымен 200 метрге жүгіретін Ольга Сафронова шығады. Ол 28 қыркүйек күні 19:40-та іріктеу кезеңін бастайды. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 3 қазанда өнер көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *