ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов кезекті рет азаматтармен жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдау барысында шымкенттіктер жол, көгілдір отын, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелері және тұрғылықты жұмыс мәселелері бойынша сауалдарын қойды.
Қала әкімі қабылдау барысында азаматтардың барлық өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап шығып, заңнама аясында түсінік беріп, жекелеген сауалдар бойынша тиісті мекеме басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
Еске салсақ, қала әкімінің жеке қабылдауы әр аптаның жұма күні сағат 16:00-18:00 аралығында өтеді. Қабылдауға shymkent.gov.kz сайты арқылы және де Н.Назарбаев даңғылында орналасқан Шымкент қалалық әкімдігінің ғимаратына келіп тіркелуге болады.
Шымкент қаласының әкімінің баспасөз қызметі