Шымкентте қылмыстық жауапкершілікке тартылған азамат мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған
Шымкент қаласының прокуратурасы Әділет департаментінің қызметіне жүргізген тексеру жұмыстарының нәтижесінде, заңды тұлғаларды мемлекеттік деректер қорына енгізу барысында жалған мәліметтерді ендіру, нотариаттық қызмет бойынша келісімшарттарды заңсыз куәландыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мерзімдерін бұзу, борышкерлердің шетелдерге шығуына жол беру деректерін анықтады.
Тексеріс барысында «Корпорация Шым KZ», «Шым Сити», «Южная корпорация 2020» ЖШС-тері соттың шешімінсіз, Департаменттің қызметкерлері арқылы таратылғаны анықталды.
Өз кезегінде Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен аталған заңды тұлғалардың («Корпорация Шым KZ»-1,4 млрд. тенге, «Шым Сити» ЖШС-1,3 млрд. тенге, «Южная корпорация 2020» ЖСШ-2,7 млрд. тенге) мемлекетке келтірілген залалдың 5,4 млрд. теңгеден астам сома шығын келтіргені туралы қорытынды жасаған.
Осылайша, Департаменттің қызметкері мәжбүрлі түрде тарату туралы №11 және №12 және №13 бұйрықтары басқа заңды тұлғаларға қатысты болатындығын біле тұра деректер қорына жалған ақпарат енгізген.
Сонымен қатар, дерекқордағы мәліметке сәйкес, аталған өзгерістер Департамент қызметкерімен жасалғаны және ол қызметкердің 12.11.2012 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 175-бабы 2-тармағы бойынша (ескі кодекс) жауаптылыққа тартылғаны анықталған.
Бұл дерек Әл-Фараби ауданы прокуратурасының АТК-не тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі бойынша Әл-Фараби аудандық ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексеруге жолданған.
Шымкент қаласының прокуратурасы