ТҮРКІСТАН: ПНЕВМОНИЯ ДЕРТІНЕН 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАН: ПНЕВМОНИЯ ДЕРТІНЕН 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Түркістан облысында пневмония дертін жұқтырғандар саны 5421 болса, оның ішінде сауығып шыққандар саны 2933-ке жетті. Яғни, бүгінде науқастардың 54 пайызы толық емделіп шықты. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен өткен олнайн-брифингте мәлім болды.

Бұдан бөлек, облыста коронавирустық инфекция расталып, тіркелген адамдар саны – 2079. 1 911 адам (9 балалар) – стационарлық бақылауда (оның ішінде: инфекциялық стационарда – 196 адам (2 балалар), провизорлық стационарда – 1 715 адам (7 балалар).
2020 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша короновирустық инфекциямен 28 жағдай тіркеліп, бір күндік өсім 1,4 пайызды құрады. Бұл аурудан жалпы сауығып шыққандар саны — 795.
Ал, ЖРВИ-мен 7749 адам тіркелсе, оның ішінде 387 адам (5 %) ауруханаға жатқызылған, 336 науқас (87%) емделіп шыққан.


Жалпы пандемиядан сақтанудың, ауырып жатқан науқастардың санын азайтудың басты жолы – ол сақтық шараларын күшейту. Көпшілік орындарға тек қажеттілікпен шығу, бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау. Осы мәселелерге бас назар аудару керектігіне тоқталған облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Түркістан облысы бойынша 16 аудан, қалада 187 медициналық мобильді топтар жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.

 


«Мобильді топтар күндіз-түні жұмыс істеуі тиіс. Осы мақсатта оларды аудан әкімшіліктері көлікпен қамтамасыз етуде. Бұл топтар науқастарды ерте анықтап, ерте ем тағайындайды немесе ауруханаға жататын науқас болса тез арада жолдама береді», — деді Өмірзақ Естайұлы.
Бұдан бөлек, барлық аудандарда карантиндік режимнің сақталуы мен сақтық шараларын түсіндіру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Дегенмен, облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзған (той, отбасылық мерекелер өткізу және т.б.) — 1039 жағдай анықталып, оның 320-не айыппұл салынса, 96 азамат қамауға алынған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *